Үлкен Көлтабан – Жайық алабындағы көлтабан.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жерінде.
Гидрографикасы Ұзындығы 45 км, ені 12 км-ге жетеді. Ауданы 280 км2. Саздақты ойысқа көктемдегі қар суы және Батыс Дүре өзенінің суы жиналады. Грунт сулары 3 — 5 м тереңдікте кездеседі. Көлтабан шабындыққа, жайылымға пайдаланылады; қ. Дүре жайылмасы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Ақжайық ауданы көлдері Санат:Көлтабандар