III Мұстафа (; 28 қаңтар 1717 — 21 қаңтар 1774) — Османлы мемлекетінің 26-шы сұлтаны, Ислам халифатының 91-ші халифі.
Өмірбаяны нобай|солға|250px|III Мұстафа суреті. Левни
III Мұстафа 1717 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны III Ахмет шаңырағында дүниеге келді.
Сұлтан өте белсенді әрі көреген билеуші болды. Ол еуропалық державалардан артта қалмас үшін Османлы әскерін және мемлекетттік құрылымды жаңартқысы келді. Алайда оның тұсында елдің жалпы ыдырауы тоқтатылмады. Әскерді жетілдіру әрекеттері жалпы ыдырауды тоқтатуға жетіспеді. Кертартпа көзқарастары бар жаңа шеріктер мен дінбасылар кедергісінің кесірінен кез келген жаңартпа жүзеге аспады. Жаяу әскер мен зеңбіректерді жаңарту үшін сұлтанға еуропалық кеңесшілер қажет болды. Сонымен қатар III Мұстафа Математика, теңізде жүзу өнері және ғылым академиясын ашуға бұйрық берді.
Соғыс ісі жағынан еуропалықтардан артта қалғанын түсінген III Мұстафа кез келген қақтығыстан алшақтанды. Алайда Ресейдің Польшадағы шапқыншылығы және де француз мәмілегерлігі сұлтанды Ресейге соғыс ашуға мәжбүрлетті. Бұл соғыс үлкен жеңіліспен аяқталды.
Ажалы 1774 жылдың 21 қаңтарында сұлтан қайтыс болды. Мәйіті III Мұстафа мазарында жерленді.
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 166 Қожа Мехмет Рағып паша 30 қазан 1757 — 8 сәуір 1763 5 жыл 6 ай 167 Теукі Хамза Хамит паша 11 сәуір 1763 — 29 қыркүйек 1763 5 ай 168 Шорлылы Көсе Бахир Мұстафа паша 29 қыркүйек 1763 — 30 наурыз 1765 1 жыл 6 ай 169 Мүхсінзада Мехмет паша 30 наурыз 1765 — 7 тамыз 1768 3 жыл 5 ай 170 Силахдар Махир Хамза паша 7 тамыз 1768 — 20 қазан 1768 2 ай 171 Жалықзада Мехмет Әмин паша қазан 1768 — 12 тамыз 1769 10 ай 172 Молдован Әли паша 12 тамыз 1769 — 12 желтоқсан 1769 4 ай 173 Иваззада Халил паша 13 желтоқсан 1769 — 25 желтоқсан 1770 1 жыл 12 күн 174 Силахдар Мехмет паша 25 желтоқсан 1770 — 11 желтоқсан 1771 11 ай 16 күн 175 Мүхсінзада Мехмет паша 11 желтоқсан 1770 — 6 тамыз 1773 2 жыл 8 ай 176 Ізетті Мехмет паша 11 тамыз 1773 — 21 қаңтар 1774 5 ай
Санат:Түркия тарихы Санат:28 қаңтарда туғандар Санат:21 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары