III Сәлім (; сазгерлік лақап аты — İlhami; 24 желтоқсан 1761 — 28 маусым 1808) — Османлы мемлекетінің 28-ші сұлтаны, Ислам халифатының 93-ші халифі, сазгер.
Өмірбаяны III Сәлім 1761 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны III Мұстафа шаңырағында дүниеге келді.
нобай|солға|300px|III Сәлімнің жүліс рәсімі. Константин Қапыдақты
III Сәлім 1789 жылы өзінің көкесі I Әбділхамитті тақта ауыстырды. Жаңа сұлтанда османлы әскерін еуропалық үлгімен жаңарту ниеті болды. Бірақ елдің қаржылық жағдайы осы жоспарларды жүзеге асыруға кедергі болды. III Сәлім таққа отырған кезде османлылар Ресеймен соғысып жүрген, ал сұлтан бұл соғысты 1791 жылы Яссы бітім шартымен аяқтады.
1798 жылы француз генералы Наполеон Бонапарт бастаған француз әскері Мысырға басып кірді. Сондықтан III Сәлім Францияға соғыс ашты. Сол соғыс тек 1802 жылы аяқталған соң, сұлтан өзінің жаңартпаларын жүзеге асыра бастады. Ол әкімшілік аппараттағы пайдалы жаңартулар жасады (әсіресе бұл бюджет мекемелеріне қатысты), лендік иеліктердің әскери басқармасын жойды, халық арасында ағарту ісі мен білімді таратты, сұлтанның қолдауымен көптеген еуропа тілдерінде, әсіресе француз тілінде жазылған соғыс ісі, математика және т.б. қатысты кітаптар османлы тіліне аударылды, 1792 жылы типография өз жұмысын қайта бастады. Бірақ сұлтанға ең қажетті нәрсе — жаңа шеріктердің ықпалынан құтылу болды. Себебі, бұл әскери бірлестік өз білгенінше сұлтандарды бір-бірімен ауыстыратын, оған қоса соғыста пайданы өте аз әкелетін.
III Сәлім Орас Себастьяни атты француз генералын шақырып, соның көмегімен "Низам-и Джедид" () атты әскери жаңартпа жиынтығын жүргізе бастады. Алайда халық пен әскер бұл жаңартпаларға мүлдем дайын болмады. Оның үстіне өте қымбат салықтарға наразы болған ауылдар мен қалалар тұрғындары сұлтанның жағдайын одан әрі ушықтырды. Ақырында наразы тұрғындар көтеріліс жасап, Константинопольді жаулап алып, IV Мұстафаны таққа отырғызды.
Ажалы III Сәлім 1807 жылы тақтан тайдырылғаннан кейін Топқапы сарайындағы зынданға қамалды. Келесі жылы Әлемдар Мұстафа паша бастаған III Сәлім қолдаушылары оған тақты қайтару ниетімен Константинопольге басып кіріп, бұрынғы сұлтанды қамаудан босатпақшы болды, бірақ қолдарынан келмеді. Себебі, 1808 жылдың 28 маусымында IV Мұстафа III Сәлімді өлім жазасына кесуге үлгерген.
Реформалары Сұлтан үкiметi мүлдем әлсiреп, еуропалықтарға тәуелдiлiгi күшейе түстi. Империяны мүлдем күйреуден сақтап қалудың ең соңғы жолы тез арада реформа жүргiзу керек болды. Бұл мiндеттi жаңадан таққа отырған түрiк сұлтаны III Селим (1789-1807) атқарды. Ең бiрiншi кезекте елдiң әскери күш-қуатын сақтап қалу үшiн әскери реформалар жүзеге асырылды. Тұрақты жаңа әскер қалыптастырылып, оны еуропалық үлгiде даярлауға көшiрдi, флотты қайта құрды. Жаңа тұрақты әскердiң құрылуы янычарлардың наразылығын тудырды. Олар өздерiнiң барлық жеңiлдiктерiнен айырылып қалудан қауiптенген едi. Сөйтiп, янычарлар консервативтiк топтардың реформалық әрекеттерге наразылығын қолдап, 1805 жылы бүлiк жасайды. Көтерiлiс еуропалық бөлiкте басталып, одан әрi Стамбұлға тарады. Янычарлар көтерiлiсi салдарынан 1807 жылы III Селим тақтан кетiрiлiп, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жазаланды. Реформалық әрекеттер осылайша сәтсiздiкпен аяқталды.Осман империясында реформа жасау әрекеттерiн жалғастыруды Румелиядағы билеушi Мұстафа паша Байрақтар қолға алады. Тақта отырған, жаңалық атаулыға жаны қас, консервативтiк пиғылдағы IV Мұстафа орнынан түсiрiлiп, сұлтан тағына жас II Махмұт отырғызылды. Мұстафа Байрақтар өзi ұлы уәзiр қызметiне ие болып, реформаларды жалғастыру әрекетiне кiрiседi. Бiрақ Мұстафа Байрақтар реформа жүргiзуде III Селим жолын қайталамауға тырысады. Сазгерлік өнері нобай|оңға|250px|III Сәлім. Константин Қапыдақты
III Сәлім сазды өте ұнататын. Сұлтан танбур мен нее деген аспаптарда ойнайтын, бірақ ең бастысы — ол әнді өзі шығаратын. Османлылар оның басқа сұлтандардан осындай айырмашылығына байланысты Сазгер () деген лақап ат қойды. III Сәлім, шынымен, сазгер ретінде, мугам стиліндегі 14 композицияның авторы болып саналады. Сонымен қатар сұлтан Османлы мемлекетінде сол кезде өмір сүрген көптеген сазгерлерді, соның ішінде Деде әфенді мен Амбарцум Лимонджянды қолдап отырды.
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 185 Қожа Жүсіп паша 7 сәуір 1789 — 28 мамыр 1789 3 ай 186 Кетхүда Хасан паша 28 мамыр 1789 — 2 қаңтар 1790 8 ай 187 Алжирлі Ғази Хасан паша 2 қаңтар 1790 — 30 наурыз 1790 2 ай 188 Рущукті Шелебизада Шәріп Хасан паша 16 сәуір 1790 — 12 ақпан 1791 10 ай 189 Қожа Жүсіп паша 12 ақпан 1791 — 4 мамыр 1792 1 жыл 3 ай 190 Дамат Мелек Мехмет паша 4 мамыр 1792 — 21 қазан 1794 2 жыл 5 ай 191 Сапыранболулы Ізетті Мехмет паша 21 қазан 1794 — 23 қазан 1798 4 жыл 2 күн 192 Көр Жүсіп Зияуддин паша 23 қазан 1798 — 24 маусым 1805 6 жыл 7 ай 193 Бостаншыбасы Хафиз Ысмайыл паша 24 қыркүйек 1805 — 13 қазан 1806 1 жыл 1 ай 194 Ибраһим Хильми паша 13 қазан 1806 — 29 мамыр 1807 7 ай
Санат:24 желтоқсанда туғандар Санат:28 маусымда қайтыс болғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары