нобай|Калифорния кондорасы Калифорния кондоры (Gymnogyps californianus) — Солтүстік Америкада мекендейтін жыртқыш ірі құс. Сирек кездеседі. Ол қанатын жазғанда 3 метрге дейін жетеді. Калифорнияда, теңіз жағалауына жақын жерлер мен таулы жерлерде жүреді. Ашық жерлерге жем табу үшін ұшып келеді. Жаңа тасталған өлекселерді қысқа әрі өте күшті тұмсығымен боршалап бөліп жейді. Жұптасқан кондорлар ұяларын үңгірлерге салады. Ұрғашысы бір – бірден жұмыртқа табады, екіден жұмыртқа салатын кездері өте сирек, екі жылда бір рет болуы мүмкін. Оны біржарым айдай басып жатады. Балапандар да өте баяу өседі. Ата – аналары балапандарын 7 ай асырайды, сонша уақыт тағы да балаларын бақылап жүреді. Кондорлар тек 6 жылдан кейін ғана ұрпақ қалдыруға жарайды.Жануарлар әлемінің үлкен атласы, “Алматыкітап” баспасы. 2000 жыл
Дереккөздер
Санат:Құстар Санат:Жыртқыш құстар