Сүмбе, Сүмбі — Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл, Сүмбе ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Нарынқол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде, Сарытау тауының оңтүстік баурайында, әр түрлі астық тұқымдас шалғын шөп өскен сайлы-жыралы тауалды жазығында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен33832978 2468 82,9 1489 1260 84,6 1489 1208 81,1
Тарихы 1975-1997 жылдары картоп өсіретін Абай атындағы кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Сүмбеде және округке қарасты Қызылшекара ауылында бірнеше шаруа қожалығы құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы елді мекендері