Тринидад және Тобаго Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Тринидад және Тобагоның намысын қорғайтын құрама. ФИФА және КОНКАКАФ мүшесі. Басқарушы орган - Тринидад және Тобаго Футбол федерациясы.

Тарихы Алғашқы матчын 1991 жылы Британ Гвиана құрамасына қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жеткен. 1991 жылдан бері құрлықтық КОНКАКАФ кубогына қатысып келеді. 2000 жылы аталмыш турнирдің жартылай финалына дейін жеткен. Бұл жетістіктері ФИФА-дағы рейтингке де әсер етіп, 2001 жылы 25-орынға дейін көтерілді.

ӘЧ-2006 іріктеуінде КОНКАКАФ аймағында соңғы раундта төртінші орын алды да, құрлықаралық плей-оффқа жолдама алды. Азия құрлығының өкілі Бахрейн құрамасымен соңғы жолдаманы сарапқа салды. Өз алаңында 1:1 есебімен тең түсіп, сыртта 1:0 есебімен жеңіске жетті де, тұңғыш рет әлемдік доданың финалдық турниріне жолдама алды.

Әлем чемпионатында Швеция, Парагвай, Англия құрамаларымен бір топқа түсті. Әуелі бір ойыншысы кем болса да, Швециямен тең ойнады - 0:0. Келесі турда 83-минутқа дейін Англиямен 0:0 есебімен тең ойнап тұрды. Бірақ осы есепті сақтап қалуға күштері жетпеді, Питер Крауч пен Стивен Джеррард бір-бір голдан соғып, ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Соңғы турда осындай есеппен Парагвайға жол берді де, бір гол да соға алмай, жалғыз ұпаймен елдеріне қайтты.

Кариб кубогының сегіз дүркін чемпионы. Құрама мергендері № ойыншы амплуа гол матч % жж1 Стерн Джон <center>FW701150.61 1995–20112 Ангус Еве <center>MF341170.29 1994–20053 Руссел Лэтэпи <center>MF29810.36 1988–20094 Арнольд Дуарик <center>MF28730.38 1993–20085 Корнелл Глен <center>FW24710.34 2002–20136Кенуайн Джонс <center>FW23910.25 2003–20177 Найджел Пьер <center>FW22570.39 1999–20058 Линсон Льюис <center>FW21310.68 1988–19969 Дуайт Йорк <center>FW19720.26 1989–200910Деворн Йорслинг <center>FW18410.44 2007–201510 Кевин Молино <center>FW18390.46 2010–

Санат:Тринидад және Тобаго Ұлттық футбол құрамасы