Жаир Вентура Фильо (25 желтоқсан 1944, Дуки-ди-Кашиас, Бразилия), Жаирзиньо ( ретінде жақсы танымал ) — бразилиялық футболшы. Жартылай қорғаныста ойнаған.player profile http://www.rsssf.com/miscellaneous/wcwinners.html
Ұлттық құрамада 1964 жылы 7 маусымда тұңғыш рет Бразилия Ұлттық құрамасы сапында алаңға шықты. Бұл ойында Бразилия 4:1 есебімен Португалияны ұтты. 1966 жылғы әлем чемпионатына барды, бірақ құрама топтан шыға алмады.
1970 жылғы әлемдік дода Жаирзиньо үшін өте сәтті болды. Ол алты ойынның алтауында да гол соқты (барлығы 7 гол). Бұл да бір — өзіндік рекорд. Бұл турнирде Бразилия үшінші рет әлем чемпионы атанды.
1974 жылғы әлем чемпионатында жеті ойынның бәрінде де алаңға шығып, 2 гол соқты.
Жаирзиньо құрама сапындағы соңғы ойынын 1982 жылы 3 наурызда Сан-Паулуда Чехословакияға қарсы өткізді. Бұл кезде футболшылық ғұмырына нұкте қойған-ды. Чехослвактармен ойында 11 минуттай алаңда ойнады. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Жетістіктері
Командалық
Бразилия құрамасы
Әлем чемпионы: 1970 Рио-Бранко Кубогы: 1968 Бразилия тәуелсіздігінің кубогы: 1972
«Ботафого»
Бразилия кубогы: 1968 Бразилия чемпионатының күміс жүлдегері: 1971 Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (3): 1962, 1967, 1968 Рио-де-Жанейро штатының күміс жүлдегері (2): 1969, 1971 Сан-Паулу турнирінің чемпионы (3): 1962, 1964, 1966
«Олимпик» (Марсель)
Франция чемпионатының күміс жүлдегері: 1975
«Крузейро»
Минас-Жерайс штатының чемпионы: 1975 Минас-Жерайс штатының күміс жүлдегері: 1976 Либертадорес кубогы 1976
«Португеса»
Венесуэла чемпионы: 1977
«Хорхе Вильстерманн»
Боливия чемпионы: 1980
Жеке
Әлем чемпионатының алты матчында қатарынан гол соққан жалғыз футболшы (1970) Либертадорес Кубогының үздік мергені 1976 (14 гол).
Дереккөздер
Сілтемелер Ұлттық құрамадағы матчтары Жаирзиньо на сайте «Бразилия футболы» сайтында Бразилияның жаңа жылдық сыйы
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Крузейро ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Португеза Деспортос ФК ойыншылары Санат:Ботафого ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Габон Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары