Александр Генрихович Бородюк (30 қараша 1962 , Воронеж, КСРО) — КСРО және Ресей футболшысы, бапкер. 1988 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы.
Мансабы КСРО, Германия, Ресей клубтарында өнер көрсетті. 1989 жылы КСРО үкіметі футболшыларға шетелдік клубтармен контракті жасауға рұқсат берді де, Мәскеудің "Динамосынан" Германияның "Шалькесіне" ауысты. 1996 жылға дейін Германияның "Шалькеден" бөлек "Ганновер", "Фрайбург" клубтарында ойнап, Ресейге оралды.
КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
1990 жылы КСРО сапында, 1994 жылы Ресей сапында әлем чемпионаттарына қатысты.
Футболшылық ғұмырын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. 2016 жылға дейін Ресей құрамасы және бірнеше Ресей клубтарын баптады. 2016 жылы Қазақстанға келіп, "Қайрат" командасын жаттықтырды. Бір жылдан соң Қазақстан құрамасына бас бапкер боп тағайындалды. Бірақ ӘЧ-2018 іріктеуіндегі сәтсіздіктен соң ол қызметтен босады.
Жетістіктері
Командалық
Ойыншы ретінде КСРО құрамасы
Олимпиада чемпионы: 1988
Динамо (Мәскеу)
КСРО кубогы: 1984 КСРО-ның күміс жүлдегері: 1986
Шальке 04
ІІ Бундеслига жеңімпазы: 1990/91
Фрайбург
Бундеслиганың қола жүлдегері: 1994/95
Локомотив (Мәскеу)
Ресей кубогы: 1996/97
Бапкер ретінде Торпедо
Ресейдің қола жүлдегері: 2014
Қайрат
Қазақстан суперкубогы: 2016
Жеке
КСРО чемпионатының үздік мергені: (2) 1986, 1988 Дереккөздер
Сілтемелер Бородюк в бундеслиге: от Шальке до Ганновера (фото, карьера, статистика, голы)
Санат:КСРО футболшылары Санат:Ресей футболшылары Санат:Динамо Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Ганновер ФК ойыншылары Санат:Фрайбург ФК ойыншылары Санат:Локомотив Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Ресей футбол жаттықтырушылары Санат:Қайрат ФК жаттықтырушылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:КСРО-ның Олимпиада чемпиондары