Негізгі ұғым:

Арай – күн шығар кездегі немесе оның батар алдындағы атмосферадағы әсем жарық құбылыстардың жиынтығы.

Елді мекендер:

Арай – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл. Арай – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл. Арай – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.

Басқа мағыналар:

Арай – Қызылорда қаласының іргесіндегі, 1937–38 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленген азалы мекен. Арай – республикалық профессионалды эстрадалық ансамбль. Арай – поэзия кеші, Қазақ теледидары "Кұрдастар" редакциясының танымал топтамаларының бірі (1977-1981 жж.). Арай – журнал.