Қаратау – Мұғалжар тауларының солтүстік бөлігіндегі шоқылы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Құмсай ауылының шығысында 15 км жерде орналасқан. Ор өзенінің аңғарында.

Сипаты Абсолюттік биіктігі 503 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 12 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Оңтүстік-батыс беткейі тіктеу, солтүстікке қарай еңістеніп шоқыларға ұласады. Солтүстігінде Жамантау, оңтүстігінде Аққарпық таулары орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы таулары