Мақаш Балмағамбетов (1914 жылы туған, Қарақалпақстан Республикасы Қараөзек ауданы – 2-дүниежүзілік соғыс ардагері, Кеңес Одағының Батыры (22.2.1944Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 22 февраля 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 5 марта (№ 13 (273)). — С. 1). 1932 – 38 жылы ұжымшарда есепші, кіші техник болып істеп, 1943 жылы наурызда 72-дивизияның құрамында майданға аттанған. Кейіннен Қазақстанда құрылған 73-гвардия атқыштар дивизиясынан ауысты. Гвардия сержанты Балмағамбетов 1943 жылы 25 қыркүйекте Днепр өзенінен өтуде ержүректік, табандылық танытты. Ол басқарған бөлімше жауынгерлері бірінші болып өзеннің арғы бетіне шығып, Днепропетровск облысы Бородаевка селосының жанында жаумен ұрысқа кірісті. Жеке өзі жаудың 20-дан астам солдаты мен офицерінің көзін жойды. Осы ерлігі үшін Батыр атағы берілді. Соғыстан кейін Қарақалпақстан Республикасына қоныс аударды.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1914 жылы туғандар Санат:1977 жылы қайтыс болғандар Санат:Қарақалпақстанда туғандар Санат:29 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:Днепр үшін шайқасқа қатысушылар Санат:КСРО аға сержанттары