Михал Кадлец (; 13 желтоқсан 1984 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/21042, Вишков, Чехословакия) — чехиялық футболшы, қорғаушы. 1996 жылғы Еуропа чемпионатының вице-чемпионы — Мирослав Кадлецтің ұлы.
Карьерасы 2008, 2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына қатысқан. "Кайзерслаутерн" және "Словацко" клубтарының түлегі.
2001 жылы кәсіпқой карьерасын "Словацко" клубында бастап, тұңғыш ойынын "Баник" командасына қарсы өткізді. 2005 жылы Праганың "Спарта" клубына ауысып, қатарынан екі маусым Чехия чемпионы атанды.
2008 жылы Германияның "Байер 04" клубына ауысты.
2013 жылы Түркияның "Фенербахче" футболшысы атанды.
2016 жылы Чехияға оралып, "Спарта" сапына қайтадан келді.
Жетістіктері
Спарта (Прага)
Чехия чемпионы (2): 2004/05, 2006/07 Чехия кубогы (3): 2005/2006, 2006/2007, 2007/2008
Фенербахче
Түркия чемпионы: 2013/14 Түркия суперкубогы: 2014
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Статистикасы
Санат:Чехия футболшылары Санат:Словацко ФК ойыншылары Санат:Спарта Прага ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Чехия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары