Даршил Сафари (, ; 9 наурыз 1997, Мумбаи, Үндістан) — үндіс киноәртісі. Оның дебюттік фильмі 2007 жылғы «Жердегі Жұлдыздар» фильмі болды. Ол фильмде дислексия ауруымен ауыратын баланы ойнады.
Өмірбаяны Оның киноиндустриядағы мансабы 2006 жылы басталды. Оны Үндістанның белгілі режиссеры Амол Гупта, Шиямака Давари «Summer Funk» атты би мектебінен тауып, кастингте жүздеген баланың ішінен Даршилды «Жердегі жұлдыздар» драма фильміне таңдап алды. Бұл фильмде ол Үндістанның атақты актерлерінің бірі Аамир Хан түсті. Даршил бала кезінен киноәртіс болуды армандаған, бірақ, оның ата-анасы да өзі де мұнша ерте жаста киноға түсіп, оның алғашқы фильмі шығатынын ойламаған.
Ата-анасы: Митеш Сафари және Шитал Сафари. Оның бір кіші қарындасы бар.
Ол 2017 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Ootb Production (Out of the Box Production) театрлық компаниясында жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ол негізгі екі театрлық қойылымда ойнайды олар: хинди тіліндегі Kaise Karenge және ағылшын тілдеріндегі Two Adorable Losers. Өз сұхбатында ол кино саласынан театр саласына көшкенін, бірақ кейде киноларға да түсетінін айтты.
2008 жылғы сұхбатында ол болашақта бизнесмен, әнші, биші болуға ниеті бар екенін жеткізді.
Фильмдер тізімі ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөліТүрі2007Жердегі ЖұлдыздарTaare Zameen Par Ишаан Нандкишор Авастифильм2010Бам Бам БолеBumm Bumm BoleПинаки Гвалафильм2011ЗоккомонZokkomon Кунал / Зоккомонфильм2012Түн ортасы балаларыMidnight's children Жас Сәлімфильм2015Бұл махаббатYeh Hai AashiquiАбхайсериал2018QuickieАмейфильм
Музыкалық видеолар ЖылӨлеңЖазба2020Pyaar Naal
Марапаттар Фильм Жыл Сипаттамасы Санат- Қазақша Жұмысы Нәтиже2008Үздік ер рөлі үшін Filmfare сыйлығыҮздік актерЖердегі жұлдыздар2008Zee Cine Award - сыншылардың үздік актер таңдауыҮздік актерЖердегі жұлдыздар2008Киносыншыларының ең үздік ер рөлі үшін сыйлығыҮздік актерЖердегі жұлдыздар2008Star Screen AwardsАрнайы әділ қазылар сыйлығыЖердегі жұлдыздар 2008В.Шантарам сыйлығыБасты рөлдегі ең үздік актерЖердегі жұлдыздар 2008Zee Cine AwardsЕң жақсы балалар суретшісі - ең перспективалы дебютЖердегі жұлдыздар
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Үндістан актер балалары