Сарманқожа – Арал маңы Қарақұмының солтүстік-шығыс бөлігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының оңтүстік-батысында 52 км жерде орналасқан.

Жер бедері Ең биік жері 130 м шамасында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылған, енді жері 5 км. Ұялы төбелерден, белесті құм жалдардан тұрады. Жер асты суларының жоғарғы деңгейі 2-3 м тереңдікте кездеседі. Солтүстігінде Ботабайқұм, оңтүстігінде Қосалбай, шығысында Ақсақалбелгі құмдары бар.

Өсімдігі Сусыма құм мен сортаң аралас қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, қияқ, шағыр, т.б. өсімдіктер өседі. Алабы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау облысы құмдары