Шұбаркөл – Тобыл алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицкое ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 201,6 м биіктікте. Аумағы 15,4 км2, ұзындығы 4,8 км, енді жері 4,1 км, орташа тереңдігі 0,9 м, су жиналатын алабы 350 км2. Үй мен Тоғызақ өзендері суайрығы саналады. Жағасы жайпақ, түбі тегіс, лайлы. Жағасын қамыс, құрақ жайлаған. Қар суымен толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп, жаз соңында басылады. Суы мол жылдары оңтүстігінде орналасқан Сасықкөлмен қосылып кетеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Тобыл су алабы Санат:Қарабалық ауданы көлдері