Әубәкір Әбдірайымұлы Арыстанбеков (7 қаңтар 1908, № 2 ауылы, Қарабалық болысы, Қостанай уезі, Торғай облысы, Ресей империясы — 13 наурыз 1970, Алматы, Қазақ КСР) — кеңестік мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қайраткері, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК төрағасы (1960-1963). Генерал-майор (14.01.1956).

Өмірбаяны Батырақ отбасында дүниеге келген.

1931 жылдың желтоқсанынан бастап БК(б)П мүшесі. 1929 жылы Қостанай педагогикалық техникумын, 1953 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.

1929-1930 жж. — БЛКЖО Қостанай аймақтық комитетінің есеп бөлімі меңгерушісі, 1930-1931 жылдары — БЛКЖО Семиозер аудандық комитетінің хатшысы. Одан кейін БМСБ-ға жұмысқа жіберілді.

1931 жылдың қарашасынан бастап мемлекеттік қауіпсіздік органдарында:

1931-1934 жж. — тәжірбеден өтуші, одан кейін жедел уәкілдің көмекшісі, Семиозер аудандық бөлімі МСБ тәжірибеленушісі, 1934-1936 жж. — Ақтөбе облысы бойынша ІІХКБ Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының уәкілетті экономикалық бөлімнің көмекшісі, 1936-1937 жж. — Ақтөбе облысы бойынша ІІХКБ Амангелді аудандық бөлімнің басшысы, 1937-1939 жж. — Қостанай облысы бойынша ІІХКБ мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының 3-бөлімі басшысының көмекшісі, 1939-1940 жж. — Қостанай облысы бойынша ІІХК басқармасының тергеу бөлімінің басшысы, 1940-1941 жж. — Қазақ КСР ІІХК тергеу бөлімінің аға тергеушісі, Қазақ КСР ІІХК мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының 5-бөлімі аға жедел уәкілі, 1941-1944 жж. — Қазақ КСР МҚХК (сосын ІІХК және қайтадан МҚХК) бірінші бөлімі басшысының орынбасары.

Содан соң ол мемлекеттік қауіпсіздік органдарында басшы қызметтерінде болды:

1944-1947 жж. — Жамбыл облысы бойынша Қазақ КСР МҚХК-МҚМ басқармасының басшысы, 1947-1951 жж. — Семей облысы бойынша Қазақ КСР МҚМ басқармасының басшысы, 1951-1952 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақ КСР МҚМ басқармасының басшысы, 1952-1953 жж. — Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік министрінің орынбасары, 1953-1954 жж. — Қарағанды облысы бойынша Қазақ КСР ІІМ басқармасының басшысы, 1954-1956 жж. — Қарағанды облысы бойынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК басқармасының басшысы, 1959-1960 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК төрағасының бірінші орынбасары, 1959 ж. мамыр-тамыз — төраға м.а., 1960-1963 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК төрағасы.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылым депутаты.

1963 жылы 19 желтоқсанда денсаулығының нашарлауына байланысты МҚК-ден зейнеткерлікке шықты. 1967-1970 жж. Қазақстан ҒА кадр бөлімі басшысының м.а. болды.

1970 жылы 13 наурызда қайтыс болып, Алматының Орталық зиратына жерленді.

Атақтары Мемлекеттік қауіпсіздік аға лейтенанты (6 қараша 1942) Мемлекеттік қауіпсіздік майоры (11 ақпан 1943) Мемлекеттік қауіпсіздік полковнигі Генерал-майор (14 қаңтар 1956)

Әдебиет Петров Н. Кто руководил органами госбезопасности, 1941—1954: Анықтамалық. — М.: Звенья, 2010. ISBN 5-7870-0109-9.

Сілтеме Сенің генералдарың, Қарабалық!

Дереккөздер

Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО генерал-майорлары