Шибеник-Книн жупаниясы () — Хорватияның орталық бөлігінде орналасқан жупания. Жупанияның әкімшілік орталығы — тарихи және мәдени мұрасымен танымал Шибеник қаласы.

География Шибеник-Книн жупаниясының аумағы — 2984 км². Шығысында және оңтүстік-шығысында Сплит-Далмация жупаниясымен, солтүстік-батысы мен батысында Задар жупаниясымен шектеседі. Шығысында Босния және Герцеговинаның Мұсылман-хорват федерациясымен, ал батысында Адрия теңізімен шекаралас. Жер бедері өте таулы. Жупания Шибеник және Корнат топаралының 242 аралын қамтиды, ең үлкен аралдары — Муртер, Корнат және Жирье. Жупания аумағында Корнаты және Крка ұлттық парктері орналасқан.

Халқы 2001 жылғы халық санағының деректері бойынша, жупания аумағында 112 891 адам тұрғанЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. . Жупания халқының ұлттық құрамы: 88,44% хорваттар, 9,06% сербтер және 2,5% басқа халықтар. Югославияның ыдырауына дейін, 1991 жылы хорваттар 61,7%-ды, ал сербтер 34,2%-ды құрағанҚалалар мен общиналар бойынша ұлттар .

Әкімшілік бөлінісі Шибеник-Книн жупаниясы 19 әкімшілік бірлікке (5 қала және 14 қауымдастық) бөлінеді: Шибеник (жупания орталығы), халқы 37 060 адам Книн, халқы 11 128 адам Водице, халқы 6116 адам Дрниш, халқы 3332 адам Скрадин, халқы 619 адам Бискупийя Билице Цивляне Ервеник Кийево Кистанье Муртер-Корнаты — Муртер, қауымдастық орталығы Пировац Примоштен Промина — Оклай, қауымдастық орталығы Рогозница Ружич — Градац, қауымдастық орталығы Тисно Трибунь — 2006 жылы құрылды, Водице қауымдастығынан бөлінді Унешич

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты

Санат:Хорватия жупаниялары