1-дәрежелі армия комиссары () — Қызыл Әскер мен КСРО әскери-теңіз флотындағы әскери-саяси құрамның жоғарғы әскери атағы. Басшылық құрамның басқа санаттарында оған тең келетін дәрежелер болмады. Қолбасшылық құрамда 1940 жылдың 7 мамырына дейін 1-дәрежелі командарм жалпыәскери атағы және 1-дәрежелі флот флагманы әскери-теңіз атағы сәйкес келді. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1940 жылғы 7 мамырдағы «Қызыл Әскердің жоғарғы қолбасшылық құрамының әскери атақтарын белгілеу туралы» жарлығымен генерал және адмирал атақтары енгізілген соң жоғарғы қолбасшылық құрамның жалпыәскери және әскери-теңіз атақтарына нақты сәйкестік белгіленбеді.

Бұдан кейінгі төменгі шен — 2-дәрежелі армия комиссары

Тарихы КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1935 жылғы 22 қыркүйектегі «ЖШҚӘ қолбасшылық құрамы үшін жеке әскери атақтарды енгізу туралы» қаулысымен, бастапқыда ЖШҚӘ Бас саяси басқармасының (саяси үгіт-насихат басқармасының) басшыларына арналған К-14 қызмет санатындағы саяси құрамның бұрынғы барлық атақтарын (округ комиссары, майдан комиссары және оларға теңестірілгендер) ауыстыру арқылы енгізілді.

1942 жылы 9 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының «Қызыл Әскерде толық қолбасшылық бірлігін орнату және әскери комиссарлар институтын жою туралы» Жарлығымен комиссарлар институты командирлердің саяси істер жөніндегі орынбасарлары (саясиор) институтымен алмастырылды. Бұл ретте арнаулы әскери атақтар жойылып, оларды иеленген әскери қызметшілерге тиісті жалпыәскери атақтар берілді. Әдетте, 1-дәрежелі армия комиссары әскери атағы армия генералы шеніне сәйкес келеді деген пікір бар, бірақ қайта куәландыру кезінде сол кездегі жалғыз 1-дәрежелі армия комиссары Щаденко генерал-полковник әскери атағын алды.

Балама атақтар Әскерлер түрі Сәйкес атақ/лауазым қолбасшылық құрамда Жалпыәскери атақ 1-дәрежелі командарм КСРО ішкі істер халық комиссариаты 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарыВеремеев Ю. Г. Анатомия армии. Таблицы воинских званий Русской Армии. Рабоче-Крестьянская Красная Армия 1935—1940 гг. , КСРО ОАК мен ХКК 1935 жылғы 7 қазандағы қаулысымен енгізілді (КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1945 жылғы 6 шілдедегі жарлығымен күші жойылды) (ІІХК шекара және ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері ЖШҚӘ қабылданған әскери атақтарға ие болды) КСРО әскери-теңіз флоты 1-дәрежелі флот флагманы

Айырым белгісі thumb|right|200px|1-дәрежелі армия комиссарының шинелдегі ілгегі thumb|right|200px|1-дәрежелі армия комиссарының гимнастеркадағы ілгегі thumb|right|200px|ӘТФ 1-дәрежелі армия комиссары

Армиядағы 1-дәрежелі армия комиссарының айырым белгісі 1-дәрежелі командармның белгісімен бірдей — тек ілгектерінің жиектерімен ерекшеленеді, командирдегідей алтын түстестің орнына — саяси қызметкерлердікіндей қара түсті болып келеді, сондай-ақ, кіші қолбасшылық құрам мен Қызыл Әскер жауынгерлеріндегідей ілгектерінде төрт ромб мен жұлдыз болды.

ЖШҚӘ әскери-саяси құрамы үшін жең шеврондарының орнына ені 3 мм қызыл жібекпен жиектелген диаметрі 5,5 см сәл доғал пішінді қызыл жұлдыздар, ал ішінде алтын балға мен орақ орналасқан (1-дәрежелі армия комиссарлары үшін - пішіні мен диаметрі бірдей балға мен орағы жоқ алтын жұлдыздар 1-дәрежелі командармдарының жең жұлдыздарындағыдай).

Флотта ілгектер болмады, олардың орнына оқа қолданылды. Олардың түстері, сондай-ақ жең айырым белгісіндегі жолақтар КСРО ХКК 1935 жылғы 2 желтоқсандағы № 2591 қаулысымен бекітілді. Оқа мен олардың үстіндегі жұлдыздардың түсі сары (алтын), ал оқа арасындағы жолақтар (әдіптер) қызыл түсті болды. ӘТФ 1-дәрежелі армия комиссарының төрт жолағы бар оқалардың үстінде бір қызыл бесбұрышты жұлдыз болды.

Есімнама 1935 жыл КСРО ОАК мен КСРО ХКК 20.11.1935 жылғы «ЖШҚӘ жоғарғы қолбасшылық және басшылық құрамның тұлғаларын әскери шендерге бекіту туралы» қаулысымен мыналарға осы әскери атақ берілді: Гамарник Ян Борисович (1894—1937) — КСРО қорғаныс халық комиссарының бірінші орынбасары және ЖШҚӘ Бас саяси басқармасы басшысы, тұтқынға алынады деген сезіммен өзін-өзі атты.

1937 жыл 30.12.1937 Смирнов Петр Александрович (1897—1939) — КСРО әскери-теңіз күштері халық комиссары. 1939 жылы 23 ақпанда ату жазасына кесілді. 1956 жылы ақталды.

1939 жыл КСРО ХКК 1939 жылғы 8 ақпандағы № 176 қаулысымен: Мехлис Лев Захарович (1889—1953) — ЖШҚӘ Бас саяси басқармасы басшысы, 1942 жылы 4 маусымда корпус комиссары шеніне дейін төмендетіліп, Халық Комиссарлары Кеңесінің 1942 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысымен қайта куәландыру арқылы генерал-лейтенант атағын алды. Щаденко Ефим Афанасьевич (1885—1951) — ЖШҚӘ қолбасшылық және басшылық құрам жөніндегі басқарма басшысы, Халық Комиссарлар Кеңесінің 1942 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысымен қайта куәландыру арқылы генерал-полковник атағын алды.

1941 жыл 22.02.1941 Запорожец Александр Иванович (1899—1959) — ЖШҚӘ Бас саяси басқармасы басшысы, 1942 жылы 8 қазанда корпус комиссары шеніне дейін төмендетіліп, Халық Комиссарлары Кеңесінің 1942 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысымен қайта куәландыру арқылы генерал-лейтенант атағын алды.

Тағы қараңыз 1935-1940 жылдардағы ЖШҚӘ әскери атақтар мен айырым белгілер 1940-1943 жылдардағы ЖШҚӘ әскери атақтар мен айырым белгілер 1-дәрежелі флот флагманы 1-дәрежелі командарм 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары

Дереккөздер

Санат:КСРО Қарулы Күштерінің әскери атақтары Санат:1-дәрежелі армия комиссарлары