КСРО халық комиссарлары кеңесінің төрағасы () — 1923 жылғы 6 шілдеден 1946 жылғы 15 наурызға дейін КСРО халық комиссарлар кеңесі болған кездегі КСРО үкіметінің басшысы лауазымы.

Тарихы КСРО халық комиссарлар кеңесінің төрағасы – КСРО орталық атқару комитетіндегі (КСРО ОАК) атқарушы органының басшысы лауазымы — Кеңестердің бірінші съезі 1922 жығы 30 желтоқсанындағы отырысында бекітілгеннен кейін күшіне енген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын құру туралы шартпен белгіленді.

1923—1930 жылдары thumb|left|200px|В. И. Ульянов-Ленин, КСРО халық комиссарлар кеңесінің бірінші төрағасы, 1920 ж. сурет Ленин КСРО орталық атқару комитетінің 1923 жылы 6 шілдеде өткен 2-сессиясында КСРО ХКК бірінші төрағасы болып тағайындалды. Ол сол кезде ауыр сырқатқа шалдыққан болғандықтан, тек шартты түрде ғана Төраға атанды. Атап айтқанда, оның сөйлеу қабілеті қатты бұзылған еді.

Ленин қайтыс болғаннан кейін үкімет басшысы ретінде оның орнына келген А. И. Рыков жаңа экономикалық саясатты белсенді түрде жүргізіп, 1920-жылдардың аяғында оны қысқартуға қарсы шықты. Ол Н. И. Бухаринмен және М. П. Томскиймен бірге ұжымдастыру туралы пікірталастарда Сталинге және индустрияландыруды үдетуге қарсы сөйледіТроцкий Л. Д. Моя жизнь. Т. 2. — М.: Книга, 1990. — ISBN 5-212-00615-5, экономикалық дамуды жоспарлаудың бесжылдық жүйесін қабылдауға қарсы болғандықтан, партия басшылығының наразылығын тудырды. И. В. Сталин жазушы М. Горькийге: «Рыковты ауыстыруды ойлап жатырмыз, аяқ астына орала береді!» десе, Рыков тікелей Сталинге: «Сіздің саясатыңызда экономиканың иісі жоқ!» — деді. 1929 жылдың күзінде ол Сталиннен жеңіліп, өзінің «қателерін» көпшілік алдында мойындадыБаймухаметов Сергей. Дочь председателя Совнаркома .

1924-1929 жылдары Рыков КСРО үкіметінің басшысы лауазымында бола отырып РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасы қызметін де атқарды. 1930 жылы желтоқсанда КСРО халық комиссарлары кеңесінің төрағасы қызметінен босатылып, көп ұзамай КСРО пошта және телеграф халық комиссары болып тағайындалды.

1930—1941 жылдары А. И. Рыковтың КСРО халық комиссарлары кеңесінің төрағасы ретіндегі орнын В. М. Молотов иеленіп, осы лауазымды ең ұзақ (10 жылдан астам) атқарып, үкімет басшысы қызметін басқа лауазымдармен біріктірді: Еңбек және қорғаныс кеңесінің, Қорғаныс комитетінің, КСРО ХКК қарамағындағы Экономикалық Кеңестің төрағасы, ал 1939 жылдан бастап КСРО сыртқы істер халық комиссары болды. [Молотовқа] таянышынан айырылғаны қатты әсер етті. ХКК төрағасының жаңа орынбасарлары (Микоян, Булганин, Каганович, Вознесенский) Сталиннің адал серіктері болды. Халық комиссарлары кеңесі шешімдерінің көпшілігін Сталиннің жақын ортасы оның саяжайында алдын ала талқылады. Ал Каганович аппаратының адамдары Молотов пен оның көмекшілерінің әрбір қадамын бақылап отырғанын мен анық білемін. Алайда олар көп ұзамай осындай жауап қайтара бастады.

1941 жылы 6 мамырда Молотов КСРО ХКК төрағасы қызметінен босатылып, үкімет басшысы орынбасары қызметіне кірісті. Молотовтың қызметінен кетуінің ресми себебі оның сыртқы істер халық комиссарының міндеттерін орындаумен қатар үкімет басшысының міндеттерін орындаудың қиындығынан туындаған көптеген өтініштері болды. Кейбір тарихшылардың пікірінше, Молотовтың үкімет басшылығынан кетуіне нақты себептер И. В. Сталиннің жеке жақтырмаушылығы және соңғысының партия және атқарушы мемлекеттік билікті Германияның Кеңес Одағына баса-көктеп кіруі қарсағындағы қиын халықаралық жағдайында өзінің қолына шоғырландыру үшін КСРО ХКК төрағасы қызметін өзі қабылдауы болдыВишлёв О. В. Накануне 22 июня 1941 года. — М.: Наука, 2001. — ISBN 5-02-008725-4.

1941—1946 жылдары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 1941 жылдың 30 маусымынан 1945 жылдың 4 қыркүйегіне дейін КСРО-дағы барлық билік КСРО МҚОРК төрағасы қызметін КСРО ХКК және қорғаныс халық комиссариаты төрағасы қызметтерімен біріктірген И. В. Сталиннің басшылығындағы КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетіне (КСРО МҚОРК) тиесілі болды. Соғыс жылдарында КСРО Халық комиссариаттарының қызметі өз аппараты болмаған және халық комиссариаттарының әкімшілік ресурстарына сүйенген КСРО МҚОРК бағынды.

Мемлекеттік қорғаныс комитетінің 1941 жылғы 15 қазандағы жарлығымен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі басқа мемлекеттік билік және басқару органдарымен бірге Куйбышев қаласына көшірілді, дегенімен Сталин КСРО МҚОРК және Жоғарғы бас қолбасшылық ордасының төрағасы бола тұра, Мәскеуде қалды.

1946 жылы КСРО халық комиссарлар кеңесінің КСРО министрлер кеңесі болып қайта құрылуына байланысты КСРО үкіметінің басшысы лауазымының атауы «КСРО министрлер кеңесінің төрағасы» болып өзгертілді.

Өкілеттігі Халық комиссарлары кеңесінің бірінші төрағасы Владимир Ильич Ленин болды. Ленин В. И. РКФСР-де «мемлекет басшысы» емес, үкімет басшысы болды. 1918 жылғы РКФСР Конституциясында бекітілген биліктің жоғарғы органдарын ұйымдастыру оның құрылымында бірінші тұлғаның болуын қарастырмады. РКФСР-дегі «мемлекет басшысының» атқарымдары өкілді органдарға – Кеңестер съезіне және Бүкілресейлік орталық атқару комитетіне жүктелді. Сонымен бірге үкіметті жоғары мемлекеттік сайланбалы алқалы органдар – Кеңестер съезі мен Бүкілресейлік орталық атқару комитеті басқарып, оларға жауапты болды. Осылайша, Ленин В. И. ең жоғары мемлекеттік лауазымды атқармады. Партияның басшылығында және ХКК төрағасы бола тұра, В. И. Ленин большевиктер партиясының ішіндегі қолдауынсыз және мемлекеттің ең жоғарғы органдары – Кеңестер съезі мен Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің шешімінсіз жалғыз өзі ел өмірі үшін маңызды шешім қабылдай алмады.

КСРО халық комиссарлары кеңесі төрағалары мен олардың орынбасарларының тізімі Мұнда КСРО халық комиссарлар кеңесі төрағаларының, КСРО халық комиссарлары кеңесі төрағасының бірінші орынбасарлары мен орынбасарларының тізімдері берілген. КСРО халық комиссарлары кеңесі төрағаларының тізімі хронологиялық тәртіппен берілген. Әрбір төраға үшін оның бірінші орынбасарлары мен орынбасарларының әліпбилік тізімдері берілген. Жақшаның ішінде тұлғаның қызметте болған күндері көрсетілген.

Ленинның үкіметі (1923—1924) № Төраға Төрағаның орынбасарлары 1 ЛенинВладимир Ильич(6 шілде 1923 — 21 қаңтар 1924) Каменев Лев Борисович (6 шілде 1923 — 16 қаңтар 1926) Орахелашвили Мамия Дмитриевич (6 шілде 1923 — 21 мамыр 1925) Рыков Алексей Иванович (6 шілде 1923 — 2 ақпан 1924) Цюрупа Александр Дмитриевич (6 шілде 1923 — 8 мамыр 1928) Чубарь Влас Яковлевич (6 шілде 1923 — 21 мамыр 1925)

Рыковтың үкіметі (1924—1930) № Төраға Төрағаның орынбасарлары 2 150pxРыковАлексей Иванович(2 ақпан 1924 — 19 желтоқсан 1930)

Каменев Лев Борисович (6 шілде 1923 — 16 қаңтар 1926) Куйбышев Валерьян Владимирович (16 қаңтар 1926 — 5 қараша 1926, 10 қараша 1930 — 14 мамыр 1934) Орахелашвили Мамия Дмитриевич (6 шілде 1923 — 21 мамыр 1925) Орджоникидзе Григорий Константинович (5 қараша 1926 — 10 қараша 1930) Рудзутак Ян Эрнестович (16 қаңтар 1926 — 25 мамыр 1937) Цюрупа Александр Дмитриевич (6 шілде 1923 — 8 мамыр 1928) Чубарь Влас Яковлевич (6 шілде 1923 — 21 мамыр 1925) Шмидт Василий Владимирович (11 тамыз 1928 — 1 желтоқсан 1930)

Молотовтың үкіметі (1930—1941) № Төраға Төрағаның бірінші орынбасарлары 3 150pxСкрябинВячеслав Михайлович(Молотов)(19 желтоқсан 1930 — 6 мамыр 1941) Вознесенский Николай Алексеевич (10 наурыз 1941 — 15 наурыз 1946) Куйбышев Валерьян Владимирович (14 мамыр 1934 — 25 қаңтар 1935)

Төрағаның орынбасарлары Андреев Андрей Андреевич (22 желтоқсан 1930 — 9 қазан 1931) Антипов Николай Кириллович (27 сәуір 1935 — 21 маусым 1937) Берия Лаврентий Павлович (3 ақпан 1941 — 15 наурыз 1946) Булганин Николай Александрович (16 қыркүйек 1938 — 15 мамыр 1944) Вознесенский Николай Алексеевич (4 сәуір 1939 — 10 наурыз 1941) Ворошилов Климент Ефремович (7 мамыр 1940 — 15 наурыз 1946) Вышинский Андрей Януарьевич (31 мамыр 1939 — 15 мамыр 1944) Землячка Розалия Самойловна (8 мамыр 1939 — 26 тамыз 1943) Каганович Лазарь Моисеевич (21 тамыз 1938 — 15 мамыр 1944) Косиор Станислав Викентьевич (19 қаңтар 1938 — 3 мамыр 1938) Косыгин Алексей Николаевич (17 сәуір 1940 — 15 наурыз 1946) Куйбышев Валерьян Владимирович (10 қараша 1930 — 14 мамыр 1934) Малышев Вячеслав Александрович (17 сәуір 1940 — 15 мамыр 1944) Межлаук Валерий Иванович (25 сәуір 1934 — 25 ақпан 1937, 17 қазан 1937 — 1 желтоқсан 1937) Мехлис Лев Захарович (6 қыркүйек 1940 — 15 мамыр 1944) Микоян Анастас Иванович (22 шілде 1937 — 15 наурыз 1946) Первухин Михаил Георгиевич (17 сәуір 1940 — 15 мамыр 1944) Рудзутак Ян Эрнестович (16 қаңтар 1926 — 25 мамыр 1937) Сабуров Максим Захарович (10 наурыз 1941 — 15 мамыр 1944) Чубарь Влас Яковлевич (24 сәуір 1934 — 4 шілде 1938)

Сталинның үкіметі (1941—1946) № Төраға Төрағаның бірінші орынбасарлары 4 150pxСталин Иосиф Виссарионович(6 мамыр 1941 — 15 наурыз 1946) Вознесенский Николай Алексеевич (10 наурыз 1941 — 15 наурыз 1946) Молотов Вячеслав Михайлович (16 тамыз 1942 — 15 наурыз 1946)

Төрағаның орынбасарлары Берия Лаврентий Павлович (3 ақпан 1941 — 15 наурыз 1946) Булганин Николай Александрович (16 қыркүйек 1938 — 15 мамыр 1944) Ворошилов Климент Ефремович (7 мамыр 1940 — 15 наурыз 1946) Вышинский Андрей Януарьевич (31 мамыр 1939 — 15 мамыр 1944) Землячка Розалия Самойловна (8 мамыр 1939 — 26 тамыз 1943) Каганович Лазарь Моисеевич (21 тамыз 1938 — 15 мамыр 1944, 20 желтоқсан 1944 — 15 наурыз 1946) Косыгин Алексей Николаевич (17 сәуір 1940 — 15 наурыз 1946) Маленков Георгий Максимилианович (15 мамыр 1944 — 15 наурыз 1946) Малышев Вячеслав Александрович (17 сәуір 1940 — 15 мамыр 1944) Мехлис Лев Захарович (6 қыркүйек 1940 — 15 мамыр 1944) Микоян Анастас Иванович (22 шілде 1937 — 15 наурыз 1946) Молотов Вячеслав Михайлович (6 мамыр 1941 — 16 тамыз 1942) Первухин Михаил Георгиевич (17 сәуір 1940 — 15 мамыр 1944) Сабуров Максим Захарович (10 наурыз 1941 — 15 мамыр 1944)

Тағы қараңыз КСРО министрлер кеңесінің төрағасы КСРО үкімет басшыларының тізімі КСРО халық комиссарлар кеңесі

Дереккөздер

Санат:КСРО халық комиссарлары кеңесінің төрағалары Санат:КСРО лауазымдары Санат:КСРО саясаткерлерінің тізімдері