Сәкен Мансұрұлы Бекжанов (3 желтоқсан 1969, Целиноград, Қазақ КСР) — бұрынғы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы.
Өмірбаяны 1969 жылы 3 желтоқсанда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. 1987 жылдың тамызынан 1992 жылдың маусымына дейін М. В. Фрунзе жоғары әскери-теңіз училищесінде білім алды.
1992 жылдың шілдесінен 2003 жылдың қыркүйегіне дейін Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінде жауынгерлік бөлімше қолбасшысынан кеме қолбасшысына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. 2003 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың маусымына дейін Н. Г. Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясында оқыды.
2005 жылдың маусымынан 2011 жылдың маусымына дейін дивизия қолбасшысынан Ресей Федерациясының Солтүстік флотының кемелерді қамтамасыздандыру бригадасының қолбасшысына дейін көтерілді.
2012 жылдың сәуірінен 2013 жылдың тамызына дейін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері 29011 әскери бөлімінде бөлімше қолбасшысының бірінші орынбасары, кейін жауынгерлік даярлық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың тамызынан 2015 жылдың маусымына дейін — 29011 әскери бөлімінің қолбасшысы — ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.
2015 жылдың маусымынан 2016 жылдың тамызына дейін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары және Бас қолбасшысы басқармасындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысы қызметтерін атқарды.
2016 жылдың тамызынан 2018 жылдың сәуіріне дейін РФ ҚК Бас штабындағы Әскери академиясының адъюнкті болды.
2018 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып тағайындалды. 2024 жылғы 25 маусымда оның орнына генерал-майор Серік Жақсығалиұлы келді.
Дереккөздер
Санат:Контр-адмиралдар Санат:Қазақстанның әскери теңізшілері