«Аптон Парк» (;) — Англияның Лондон қаласында орналасқан әуесқой футбол клубы. Клуб XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басында ойнаған, қазіргі таңда әуесқой клуб ретінде ойнап жүр. Олар 1871 жылы алғашқы Англия Кубогына қатысқан он бес команданың бірі болды, сондай-ақ 1900 жылы өткен алғашқы Олимпиадалық футбол турнирінде Ұлыбританияның атынан шығып, жеңіске жетті.
Тарихы Клуб 1866 жылы құрылған және 1871–72 жылдары өткен алғашқы Англия Кубогына қатысқан 15 команданың бірі болған . Жарыста жеңіске жетпесе де, төрт рет ширек финалға шыққан. Сондай-ақ олар 1882–83 маусымында Лондон Сениор Кубогының тұңғыш жеңімпаздары атанды. Әуесқой клуб болса да, олар кездейсоқ түрде ойындағы кәсіпқойлықтың заңдастырылуына себепкер болды: 1884 жылы Англия Кубогында Престон Норт Энд клубының ойыншыларға ақы төлеп жүргенін шағым еткен соң, Престон жарыстан шеттетілді. Алайда бұл жағдай Футбол Ассоциациясын мәселені шешуге итермеледі және бөлініп кету қаупіне байланысты келесі жылы ойыншыларға ақы төлеуге ресми түрде рұқсат берді.
Клуб 1887 жылы жабылған, бірақ төрт жылдан кейін, 1891 жылы қайта құрылды. 1892 жылы олар Оңтүстік Англиядағы командалар арасында ұйымдастырылған лига жарысы — Southern Alliance-тың негізін қалаушылардың бірі болды. Алайда 1892–93 маусымы аяқталмай тұрып лига тарап кеткенде, олар небәрі бір ғана жеңіспен турнир кестесінің соңында тұрған.
1900 жылғы Олимпиада ойындары thumb|right|1900 жылғы Аптон Парк командасы. Сол жылы бұл команда Олимпиадада Ұлыбританияның атынан шығып, алтын медаль жеңіп алды. Футбол қауымдастығының Әуесқой мәртебесі комитеті клубқа алғашқы Олимпиада ойындарында Парижде ойнау мүмкіндігін ұсынды. Жазбаларда Аптон Парк ойнауға алғаш келісім берген клуб болғанымен, оларды бірінші болып шақырғаны екіталай екендігі көрсетілген. Ол кезде Аптон Парк ешқандай лигаға қатыспаған, тек кубоктық ойындар мен жолдастық кездесулер өткізген.
Клуб хатшысы әрі қақпашысы Джеймс Джонс команданы жасақтап, басқа әуесқой клубтардан ойыншыларды шақырды.
Аптон Парк Францияның USFSA XI командасын 4–0 есебімен ұтып, Париждегі жарыста жеңіске жетті. Ол кезде футбол тек көрсетілімдік спорт саналғандықтан, командаға алтын медаль берілмеген, алайда кейіннен Халықаралық Олимпиада комитеті тарихи тұрғыда алтын медальді ресми түрде бердіThe Official Olympics website lists Great Britain as being 1900 gold medal-winners in the football tournament.
Жетістіктері London Senior Cup Жеңімпаз (2): 1882–83, 1883–84 Финалист (1): 1884–85
Халықаралық Олимпиада ойындары 16px|Gold Алтын медаль (1): 1900
Дереккөздер
Санат:Англия футбол клубтары