Дивком () — КСРО ҚК ЖШҚӘ жоғары қолбасшылық құрамның жеке әскери атағы, 1935 жылдың 22 қыркүйегінен бастап (КСРО ОАК мен ХКК жарлығымен енгізілген) 1940 жылдың 7 мамырына дейін болды, бригкомнан жоғары, коркомнан төмен орналасты.
«Дивизия командирі» () сөзінің қысқартылған түрі. Бұрын Ресей гвардиясында, армиясында, ЖШҚӘ және флотта «дивизия басшысы» деп аталатын әскери лауазым болған, қысқартылған атауы «Дивбас» (). Осман империясында дивизия командирі Ферик деп аталған.
Тарихы «Дивизия командирі» жеке әскери атағын жасаудың алғышарты 1924 жылғы әскери реформа болды, нәтижесінде РӘК 1924 жылғы 20 маусымдағы № 807 бұйрығына сәйкес бүкіл қолбасшылық құрам 14 қызмет санатына бөлінді, ал аға қолбасшылық құрам тобынан лауазымдық жағдайының айырым белгісі ретінде ілгегінде екі ромб болған 11-санат (С-11) «дивизия командирі» үлгілі қолбасшылық-жауынгерлік лауазымға сәйкес келді.
Одақтың қорғаныс өнеркәсібінің жетістіктері Одақ ҚК жаппай механикаландыруға және моторландыруға әкелді, атты әскерлерді моторландырылған және механикаландырылған әскерлермен алмастыру менен авиацияның (ӘДК қоса алғанда) рөлінің күшеюі соғыс доктринасын өзгертуге алып келді - мұның бәрі жұмысшылар мен шаруалар мемлекеті қарулы күштерінің құрылымында көрініс тапты.
Әскерлер мен күштердің үлкен, кешенді бірліктері бөлек, арнайы атақтар енгізуді талап етті, сондықтан, бригаданы басқару үшін бригком әскери атағы, дивизияны (үш полк пен күшейту бөлімшелерінен тұратын) басқару үшін дивком әскери атағы, ал корпусты басқару үшін, тиісінше, корком әскери атағы енгізілді. Осылайша, «дивком» (сонымен қатар «бригком», «корком» және «командарм» - «армия командирі» сөзінің қысқартылған түрі) атағы болды, бірақ ол тек қызметтік мақсаттарда пайдаланылды.
1935 жылы 22 қыркүйекте КСРО ОАК мен ХКК «Жұмысшылар мен шаруалардың Қызыл Әскерінің басшылық құрамына жеке әскери атақтар енгізу және ЖШҚӘ қолбасшылық құрамының қызметі туралы ережелерді белгілеу туралы» қаулысымен «дивизия командирі» жеке атағы енгізілді.
Әскер және күш түрі Сәйкес атақ/лауазым Қолбасшылық құрамда КСРО ішкі істер халық комиссары Мемлекеттік қауіпсіздік аға майорыВеремеев Ю. Г. Анатомия армии Таблицы воинских званий Русской Армии. Рабоче-Крестьянская Красная Армия 1935—1940 гг. , КСРО ОАК мен ХКК 1935 жылғы 7 қазандағы қаулысымен енгізілді (ІІХК шекара және ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерінде ЖШҚӘ қатарына қабылданған әскери атақтары болды)Милиция аға майоры КСРО әскери-теңіз флоты 2-дәрежелі флагман Басшылық құрамда құрлықтағы және әскери-әуе күштерінде Дивинженер әскери-теңіз күштерінде 2-дәрежелі инженер-флагман барлық әскер түрлерінің әскери-саяси құрамында Дивизия комиссары барлық әскер түрлерінің әскери-шаруашылық құрамында Дивинтендант барлық әскер түрлерінің әскери-заң құрамында Дивәсзаңгер барлық әскер түрлерінің әскери-медицина құрамында Дивдәрігер барлық әскер түрлерінің әскери-ветеренар құрамында Дивмалдәрігер
Бұл 1937 жылы ЖШҚӘ жаңа Ішкі қызмет ережелерінің қабылдануымен ақыры ресімделді, онда әскери қызметшілердің қызметтік дәрежесіне қарай топтарға жаңаша бөлінуі айқын көрсетілген. Атап айтқанда, Ереженің он төртінші тармағында 1935 жылғы 22 қыркүйектегі жарлықтармен және 1937 жылғы 5 тамыздағы түзетулермен белгіленген жеке әскери атақтар көрсетілген.
Айырым белгілері 1922 жылдың қаңтарында ЖШҚӘ бірыңғай қатаң реттелетін киім үлгісін кию енгізілді. Әскерилердің айырым белгілері алқызыл түсті оқалармен жиектелген, шинель мен гимнастерка жеңдерінің ортасына тігілген арнайы шұғадан жасалған қақпақшаларда бейнеленген; қақпақшаның түсі әскер немесе күш түрлеріне сәйкес келді. Қақпақшаның жоғарғы жағында алқызыл түсті шұғадан жасалған бесбұрышты жұлдыз болған, оның астында лауазымдық шеннің белгілері тігінен тігілген — қолбасшылық құрам үшін қою қызыл эмальмен және әкімшілік-шаруашылық құрам үшін көк эмальмен қапталған биіктігі 1,7 см және ені 0,8 см мыстан жасалған екі ромб (кіші диагоналы — екі см, үлкені — үш см) болды.
Сонымен қатар, алтын зермен әдіптелген және әскер немесе күш түрлерінің, әскери мекемелердің басқармалары мен бөлімдерінің түстеріне сәйкес келетіндей шинелдер мен гимнастеркалардың ілгектеріне танымбелгі енгізілді. Қайырмадан жоғары екі жеңге де екі жалпақ алтын шеврон тігілген.
ҚӘ мен ӘӘК дивизия командирлерінің айырым белгілері (1935–1940)
Сілтеме Веремеев Ю. Г. Таблицы воинских званий Русской Армии. Рабоче-Крестьянская Красная Армия 1935—1940 гг. Список репрессированных комдивов Дереккөздер
Санат:КСРО Қарулы Күштерінің әскери атақтары Санат:Дивкомдар