Педагогиялық Идеялар Панорамасы – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған педагогикалық идеялармен тәжірибе алмасуға арналған республикалық кәсіби байқау. Байқау аясында педагогтер өздерінің педагогикалық тәжірибесіне негізделген идеяларын ұсынып, оларды кәсіби педагогикалық қауымдастықта талқылайды.

Байқау Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне арналған.«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауы – Сайт АО "Национальный центр повышения квалификации "Өрлеу"

Мақсаты Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тиімді және инновациялық педагогикалық идеяларын анықтау, жинақтау және тарату.

Міндеттері

педагогтерді инновациялық әдістемелерді әзірлеуге және енгізуге ынталандыру;

тиімді педагогикалық идеялардың авторы ретінде педагогтің кәсіби мәртебесін нығайту;

педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын дамыту;

үздік білім беру тәжірибелерін таратуға жағдай жасау.

Негізгі бағыттары Байқау шеңберінде педагогикалық жұмыстар келесі жеті бағыт бойынша қабылданады:

оқу сауаттылығы;

математикалық сауаттылық;

жаратылыстану-ғылыми сауаттылық; цифрлық сауаттылық; экологиялық сауаттылық; мәдениетаралық сауаттылық; қаржылық сауаттылық.

Бұл бағыттар білім алушылардың күнделікті өмірде білімді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөліктерін қамтиды.«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына қатысуға 170 өтінім қабылданды

Өткізу тәртібі мен кезеңдері Байқау жыл сайын өткізіледі және екі кезеңнен тұрады:

Өңірлік кезең – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған авторлық педагогикалық идеяның сипаттамасын ұсыну. Бұл кезеңде сабақтың, оқу немесе тәрбиелік іс-шараның жоспары мен оның өзектілігі жазбаша түрде негізделеді.PPI | Панорама педагогических идей

Республикалық кезең – авторлық педагогикалық идеяны нақты білім беру жағдайында қолдануды көрсету. Бұл кезеңде сабақтың немесе оқу іс-шарасының бейнежазбасы ұсынылады.PPI | Панорама педагогических идей

Соңғы жылдары конкурс шарттарына ішінара өзгерістер енгізіліп, өңірлік кезеңде бейнематериал дайындау міндетті талап ретінде алынып тасталды.

Қатысушылар Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында білім беру қызметін жүзеге асыратын барлық типтегі, меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

Марапаттау Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады, ал барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Республикалық кезеңнің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау барысында ескеріледі.

Жеңімпаз педагогтер ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Цифрлық жарияланымдар Конкурс аясында ұсынылған бейнематериалдар Өрлеу цифрлық кітапханасында жарияланады. Әр бағыт бойынша «YouTube-та ең көп қаралған бейнематериал» номинациясы қарастырылған, бейнематериалдар YouTube платформасында орналастырылады.

Дереккөздер Санат:Байқау