Алексей Архипович Леонов (30.05.1934 — 11.10.2019) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, ғарыштағы ашық кеңістікке шыққан алғашқы адам, авиация генерал-майоры (1975), екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (1965, 1975), суретші.
1965 жылдың 18 наурызында ол ғарыш кемесі бортынан сыртқа шығып, ғарыштың бос кеңістігінде қалқыған тұңғыш адам болып шықты. Бұл серуені 12 минут 9 секундқа жалғасты.
1975 жылдың шілдесінде Союз — Аполлон деп аталған миссияға қатысты. Онда екі мемлекет ғарыш кемелерінің алғашқы сәтті тоғысуы орын алған болатын.
1970–1991 жылдары Ғарышкерлерді даярлау орталығының бастығының орынбасары болды. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің мүшесі болды.
1991 жылдан зейнетке шыққан. 2002 жылдан бастап қайткан күніне шейін Біртұтас Ресей партиясының Жоғары кеңесінің мүшесі болды. Ғарыштық тақырыптағы суреттерді салумен де танымал болды, көптеген пошта маркаларында оның суреттері пайдаланылды.
Филателияда
Дереккөздер
Тағы қараңыз (9533) Алексейлеонов астероиды Леонов (Ай кратері)
Санат:КСРО әскери ұшқыштары Санат:КСРО ұшқыш-ғарышкерлері Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО генерал-майорлары Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Біртұтас Ресей мүшелері Санат:Байқоңырдың құрметті азаматтары Санат:Кемерово облысы тұлғалары Санат:КСРО мемуаршылары Санат:КСРО суретшілер одағы мүшелері Санат:Ресей суретшілері