Ақмарал Өтепбергенқызы Мұханбетжанова — педагогика ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1971 жылы 12 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында туған.

Атырау педагогикалық институтын (1992, қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) және аспирантурасын (1998) бітірген. 1992-95 жылдары Атырау қаласындағы №10 орта мектепте мұғалім, 1998 жылдан Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, 2011 жылдан бөлім бастығы қызметтерін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері. "Бастауыш білім беру мазмұнын құзыреттілік тұрғыдан жобалаудың теориялық-әдіснамалық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 50-ден астам ғылыми еңбектің, 1 монография, 4 оқулық, 7 оқу-әдістемелік құралдарының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Марапаттары Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2017).ЖОО үздік оқытушылары.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Муханбетжанова Акмарал Утепбергенова.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары