Сұлтанмұрат Өтешұлы Абжалов (1 қаңтар 1981 жылы туған, Түркістан) — қазақстандық ғалым, дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінің деканы. Ислам теологиясы, жаңа діни ағымдар және дінтанулық білім беру салаларының маманы.
Білімі 1998–2002 жж. — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Тарих-философия факультетінің «Дінтану» мамандығы (үздік диплом). 2003–2005 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің магистратурасы (үздік диплом). 2006–2008 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аспирантурасы. 2008 жылы «09.00.13 – дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы» мамандығы бойынша «Ханафи мазһабының діни-философиялық негіздері» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.
Еңбек жолы 2005–2006 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және ғылым методологиясы кафедрасының оқытушысы. 2009–2011 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы, аға оқытушысы, кейін доценті. 2011–2012 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2015–2016 жж. — Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі. 2016–2017 жж. — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ жанындағы «Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығының директоры. 2017–2021 жж. — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы. 2021–2024 жж. — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы. 2024 жылдан бастап — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Теология факультетінің деканы.
Ғылыми қызметі Сұлтанмұрат Абжалов 2018 жылы «Қауымдастырылған профессор», ал 2025 жылы «Профессор» ғылыми атағын иеленді. Ол 2 PhD докторантқа ғылыми жетекшілік жасап, сәтті қорғатқан. 2019–2020 жж. — «Мәңгілік ел» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) мүшесі. 2020–2024 жж. — «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша ҰҒК мүшесі әрі төрағасы.
Негізгі ғылыми жобалары: Ол көптеген іргелі ғылыми жобаларға жетекшілік етті немесе қатысты: «Орта Азиядағы Ханафилік дәстүр және қазақ руханиятының негіздері» (2018-2020 жж.) — жетекші. «Матуриди және Иасауи ілімдері негізінде Абайдың теологиялық тұжырымдамасы» (2023-2025 жж.) — жетекші. «Заманауи әлемдік және қазақстандық мәдениеттің дамуындағы Әл-Фараби мұрасы». «Дінтану: энциклопедиялық сөздік» (қазақ тілінде).
Ғылыми еңбектері Ғалымның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Оның ішінде: Scopus мәліметтер базасындағы рейтингі жоғары журналдарда — 10 мақала (h-index: 2). ҚР ҒЖБМ тізіміндегі журналдарда — 19 мақала. 2 ұжымдық монография, 1 энциклопедиялық сөздік. 4 оқу құралы (оның ішінде 1 жеке авторлық).
Марапаттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік жас ғалымы - 2014» дипломы. «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық төсбелгісі (2016). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Алғыс хаты» (2022, 2024). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Құрмет грамотасы» (2023, 2024).
Сыртқы сілтемелер Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ресми сайты
Санат:1981 жылы туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан дінтанушылары Санат:Философия ғылымдарының кандидаттары Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Университет декандары