Жанат Төленқызы Сарыбекова — педагогика ғылымының докторы (2010), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1957 жылы 4 маусымда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ақжар ауылында туған.
Жамбыл педагогикалық институтын (1979, қазіргі Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті) бітірген. 1979-84 жылдары қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданының Абай атындағы орта мектебінде мұғалім, аудандық пионерлер үйінде әдіскер, 1985-99 жылдары Жамбыл педагогикалық колледжде оқытушы, 1999-2005 жылдары Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, аға оқытушы болда. 2005 жылдан Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде доцент, проректоры, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – қыздар тәрбиесі. "Қазақ халық педагогикасындағы қыздар тәрбиесі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 65-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 1 оқу құралы, 25 оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2008); Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2008).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Әлеуметтік психология.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар