нобай|324x324 нүкте|Баймулдин Қыжибек Қамалұлы Қыжибек Қамалұлы Баймулдин (1946 жыл) — қазақстандық кескіндемеші, монументші, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1981).Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі https://nevzorovcollection.kz/bajlanys

Өмірбаяны Павлодар облысы Ермак (қазіргі Ақсу) қаласында дүниеге келген.

1973 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. М. Қалимов пен Б. Пактан дәріс алған.

1979 жылы ашылған Павлодар балалар көркемсурет мектебінің алғашқы мұғалімі және ірге тасын қалаушылардың бірі.

1981 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 1995 жылы Павлодар Суретшілер одағының төрағасы болып сайланған.

Марапаттары

Қазақстанның Мәдениет қайраткері Қазақстан Республикасының Мақтау қағазы

Көрмелері 1977 жылдан бастап халықаралық, бүкілодақтық және республикалық көрмелерге қатысады. Соның ішінде:

«КСРО жас суретшілері» Бүкілодақтық симпозиумы (Мәскеу, 1980); IV Халықаралық социалистік елдер суретшілерінің кескіндеме пленэрі «Адам және табиғат» (Ужгород, Украина, 1988); Халықаралық кескіндеме пленэрі (Баянауыл, 2003); Республикалық кескіндеме симпозиумы (Бурабай, 2003).

Суретші туындылары ортаға|нобай|409x409 нүкте|Ана портреті

Фотосурет Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде түсірілген.

Дереккөздер