нобай Иманмәлік Нұғыманов (15 қаңтар 1928 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ұласты ауылы – 19 желтоқсан 2000 жыл, Алматы қаласы) – педагогика ғылымының докторы(1993), профессор (1995). КСРО, Қазақ КСР-і Оқу-ағарту ісінің үздігі. ҚазПИ-ді (1952, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Шығыс Қазақстан облысына Ұлан ауданының оқу бөлімінде еңбек етті (1952–1955). ҚазҰПУ-да ғылым-педагогика қызметтер атқарған (1955–2000). Ғылыми еңбектер «Язык химии и дидактические основы его функционирования в процессе обучения» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Нұғымановтың ғылыми еңбектері химия тілінің дидактикалық функцияларына, оқыту құралдарының ғылыми негізділігіне, қазақ мектептерінде химияны оқыту процесінің терминологиялық, семиотикалық, лингвистика, педагогика және әдістемелік мәселелеріне арналған. 300-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 16 оқулықтың авторы. "Қазақ энциклопедиясы"
Кітаптары
Бейорганикалық химияның бақылау жұмыстары. (оқушыларға арналған оқу құралы), Алматы, 1960 ж. Химия тілі. Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1977 ж. Химия номенклатурасы мен символикасы. Алматы, «Мектеп» баспасы, 1980 ж. Бейорганикалық қосылыстардың номенклатурасы мен классификациясы. Алматы, 1990 ж. Химиялық тіл және химияны оқыту. Алматы, 1992 ж. Химия оқыту әдебиеті. Алматы, «Рауан» баспасы, 1993 ж. Химия оқу кітабы. Алматы, «Рауан», 1997 ж. Химия есептер мен жаттығулар. Алматы, «Мектеп», 1972 ж. Бейорганикалық химиядан семестрлік тапсырмалар. Алматы, 1995. Қазақорта мектептеріне химияны оқытуды жақсарту шаралары. (пособие для учителей) Алматы, 1962. Бейорганикалық химияның есеп практикумы. (пособие длястудентов), Алматы, 1970. Бейорганикалық химияның бақылау жұмыстары. Алматы,1980. Бейорганикалық химия практикумы. (соавтор) Алматы, «Білім», 1997. Химия. (учебник для 9-го класса) Алматы, «Мектеп»,2001, 2005. Химия. (учебник для 8-го класса) Алматы, «Білім»,2002. Химия. (сборник задач для 9-го класса) Алматы, «Мектеп», 2001.
Дереккөздер </span>
Санат:1928 жылы туғандар Санат:2000 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ ғалымдары