Александр Георгиевич Дылюк (1946 жылы туған, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы) – техника ғылымының докторы (1997), профессор (1993).
Қарметкомбинат (1970, ВТУЗ) техникалық оқу орнын бітірген. 1970–76 ж. осы оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, доцент (1976–79), 1979–87 ж. кафедра меңгерушісі, 1987–92 ж. ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі проректордың міндетін атқарушы, 1992 жылдан Қарметкомбинат (ВТУЗ, қазіргі Қарағанды металлургия институты) ректоры қызметін атқарады. 105-ке жуық ғылыми еңбегі, 4 монографиясы жарық көрген.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер</span>
Санат:1946 жылы туғандар