Өтелбай кесенесі – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы сәулет ескерткіші.
Орналасқан жері Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан.
Сипаты Бетпақдала аймағына тән дәстүрлі сәулет өнері ескерткіші шикі кірпіштен (37х25х7 см) салынған, алғашықы кезде сырты сыланған. Центрикалық композициядағы бір күмбезді мазар, призмалы іргетас биік конус тәрізді күмбезбен жабылған. Қабырғасы, күмбез үсті сыланбаған. Кірпішті шығара қалаумен жасалған желкен бұршытағы бөренелерге тіреледі. Кіреберісі ортадан сәл ауытқыған, бұл қазақ мазарлары сипатында жоқ.С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Жамбыл облысы сәулеті Санат:Қазақстан кесенелері