Аида Түймебайқызы Әшімбаева — экономика ғылымның докторы (2000).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1955 жылы 14 наурызда Алматы қаласында туған. Ысты руынан шыққан. ҚазМУ-ды (1977, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да стажер-ізденуші, аспирант (1977-1983), ҚазПИ-де (1983-2000, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) оқытушы, аға оқытушы, доцент, Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі экономика зерттеулер институты бас директорының орынбасары (2000-2003), 2003 жылдан Дүниежүзілік нарық институтының директоры болып қызмет етті.

Ғылыми еңбектері "Структурные сдвиги в экономике: теория, методология, практика регулирования" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы. "Общественное воспроизводство в целом", 1989; "Структура экономики: закономерности формирования, тенденции и приоритеты развития", 2000.Қазақ энциклопедиясыҚ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары