Алмагүл Қалышқызы Бадина(1943 жылы туған) – медицина ғылымның докторы (1991). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1966, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы), аспирантурасын (1971) бітірген. Осы институтта стажер (1966–1968), ассистент (1972–1983), доцент (1984–1985, 1989–1991), аға ғылыми қызметкер (1985–1987) қызметтерін атқарды. 1992 жылдан педагог, эндокринология клиникасының меңгерушісі, профессор Бадина 108 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы. Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Алмагүл Қалышқызы Бадина · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.