Бибігүл Иманғазина (24 желтоқсан, 1942, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы) - жазушы, «БИБІ–АНА» қайырымдылық қорының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Өмірбаяны Он жеті жасыңда кенеттен мүгедек болып қалған ол өмірдің бар тауқыметін тарта жүріп, екі баланы тәрбиелеумен қатар, шығармашылықпен айналысты. 1990 жылы бала тәрбиелен отырған мүгедек аналардың республикалық «Бибі Ана» қоғамын құрады. Бүгінде мүгедек аналар республикалық «Бибі-Ана» қоғамының президенті.
Шығармалары «Тауқымет» атты күрделі шығармасын жазады. «Оқырманы көп автор» дипломына ие болған бұл романның бірінші томы 1995 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген.
Марапаттары «Құрмет» орденімен марапатталған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:1942 жылы туғандар Санат:24 желтоқсанда туғандар Санат:Шалқарда туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Құрмет орденінің иегерлері