Батырболат Айтболатұлы (19 тамыз 1972, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ауылы) - ақын, филология ғылымдарының кандидаты (2006).
Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін (1995), оның аспирантурасын (2000) бітірген. 1995—1997 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер Қазақ энциклопедиясында жетекші маман репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорында және «Арыс» баспасында ғылыми редактор (2001) «Қазақстан» ұлттық телеарнасында стилист-редактор (2002) «Атлас — 2001» баспасында Бас редактор «Глобус» Баспа үйі» ЖШС-нің директорының орынбасары (2001 — 2004) «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі (2003) «Қазақстан теміржолшысы» газетінде тілші (2004 — 2006) республикалық «Айқын» газетінің Астанадағы тілшілер тобының жетекшісі қызметтерін атқарған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8 Ғылыми еңбектері 2006 жылы «Қазіргі қазақ поэзиясының түрлік-бейнелілік ерекшеліктері (1980 — 1990 жылдар лирикасы әдеби үдеріс контексінде)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Шығармашылығы 1995 жылы «Толқыннан толқын туады» атты студенттер жыр жинағына («Ер-Дәулет») бір топ өлеңі енген. Өлеңдері «Қазақстан жас ақындарының антологиясына» (А., «Өлке», 2000) енген. Мен ғашық қыз. А., «Жазушы», 1996; Көзмоншақ. Астана, «Елорда», 2001.
Жетістіктері Жас ақын-жазушылардың халықаралық «Сорос-Қазақстан-Дебют» конкурсының жүлдесін жеңіп алған өлеңдер топтамасы арнаулы жинақта (1997, «Жібек жолы») жариялайды. Екі мәрте (1997, 1998) ҚР Президентінің стипендиаты атанды. Т.Айбергеновтің 60 жылдығына (1997) Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына арналған жыр мүшәйраларының жүлдегері.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:19 тамызда туғандар Санат:1972 жылы туғандар Санат:Казталов ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары