Төлеген Жанғалиев — ақын, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1950 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. 1973 жылы Семей пединститутын, 1984 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1984—1999 жылдары Абай аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, аудандық кеңес атқару комитеті төреғасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары болып қызмет істеген.
Шығармашылығы Жыр топтамасы алғаш рет республика жас ақындарының «Қарлығаш» (1978), сонан соң «Сыр сапар» (1980), «Тоғыз перне» (1981) атты ұжымдық жинақтарында жарияланды. Баспалардан әр жылдары он кітабы жарық көрді. Жүрегім сөйлеп тұрғанда. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982. Шыңғыстау шындығы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1993. Оңалған ойдың сәулесі. Өлеңдер. А., «Дәуір», 1996. Біз жұмаққа бармаймыз. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Атамұра», 1998. Атом мен ақын. Өлеңдер. А., «Қанағат», 1999; Баба жайлы балладалар. Балладалар. Новосібір, «Современник», 2001. Тілсіздің тілі. Өлеңдер. Өскемен қаласы, 2003 Матаев. Эссе. Алматы қаласы, «Халықаралық Абай клубы», 2008. Біздің әкей. Эссе. Новосібір қаласы, «Эврика», 2012. Ертістің арғы жағы,бергі жағы. Өлеңдер. Алматы қаласы, 2021. Маңдайымның жазуы. Таңдамалы өлеңдер жинағы. Нұр-Сұлтан қаласы, «Фалиант», 2021. 1993 жылы жарық көрген «Шыңғыстау шындығы» жинағы үш бөлімнен – өлеңдер, балладалар және дастандардан тұрады. Жинақтағы «Ақ арба», «Апамның әңгімесі», «Намыс», «Ақ бантик», «Көрші кемпір», «Иіс су» секілді балладалары ақынның жанрлық шеберлігін танытады. «Шыңғыстау шындығы» шығармасы Шәкәрім қажыға арналған. 1998 жылы жарық көрген «Біз жұмаққа бармаймыз» жинағында жер мен ел мәселелері, әлемдегі қоғамдық құбылыстар, қиянат пен қасірет тақырыптары қамтылған. 1999 жылы жарық көрген «Атом мен ақын» жинағы полигон тақырыбына арналған. 2024 жылы Абай облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылған «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында ақынның «Қарқуар» атты кітабы жарық көрді. Жанғалиев жазған «Матаев» атты эссе (2008) өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы Абай елінің тұрмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейді.
Абай ауданының мәдени, әлеуметтік, рухани өміріне елеулі еңбек еткен Жанғалиев Ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың мерейтойларын өткізуде, Семей полигонының жабылуына көп үлес қосқан қайраткер. Қарауыл гимназиясы жанынан Жанғалиев құрған (1999) ақындар сыныбына 2002 жылдан бастап ақын, драматург, жазушы, сазгер Мерғали Ибраевтың есімі берілген. Жанғалиев жазған «Матаев» атты эссе (2008) өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы Абай елінің тұрмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейді.
Ақынның 2026 жылы жарық көрген "Аңыз адамның ақиқаттары" атты деректі эсселерінде ғасырға жуық ғұмыр жасаған, аты аңызға айналған қазақ әдебиеті мен музыка өнерінің ерекше құбылысы, халық ақыны Шәкір Әбеновтің Кеңес дәуірі кезіндегі азап пен тозаққа толы қиямет-қайым өмірі жайлы баяндалады.
Жетістіктері Жас ақындардың республикалық «Жігер» фестивалінің (1978) Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың (1996) лауреаты, Шығыс Қазақстан облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Абайға (1995) Астанаға (2016) арналған жыр мүшайраларының 1 орын иегері. Республикамыздың құрылғанына 10-20 жыл толуына арналған мерекелік медальдардың иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Құрмет ордені иегері (2020). Сонымен қатар, Төлеген Жанғалиев – халықаралық Жамбыл қорының лауреаты.
ДереккөздерЖанғалиев Төлеген // Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Б. 343. ISBN 978-601-7472-76-4
Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Абай ауданында (Абай облысы) туғандар