Кенжетай Бияшұлы Мұқанов (5.10.1949 жыл, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл кентінде туған) - Алға ауданының әкімі (2002-2004). Қазақ.

Білімі Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін (1971) орыс тілі мен әдебиеті муғалімі мамандығы бойынша; Алматы мал дәрігерлік институтының зооинженерлік факультөтін (1983) зооинженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 1971 жылдан - Ақтөбе қаласы «Білім» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымының референті; Ақтөбе аудандық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы. 1973 жылдан - Ақтөбе аудандық комсомол комитетінің хатшысы. 1978 жылдан - Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің сектор, бөлім меңгерушісі. 1984 жылдан - Ақтөбе ауданы Қарғалы кеңшары бөлімшесінің басқарушысы. 1987 жылдан - Ақтөбе бастапқы жүн өңдеу фабрикасының шебері, партком хатшысы, бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары. 1997 жылдан - «Ерхат» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары. 1999 жылдан - «Ақтөбеэнерго» ААҚ жөндеу-өндірістік базасының бастығы. 2001 жылдан - Ақтөбе қаласы әкімдігінің құрылыс және инженерлік коммуникация бөлімінің бастығы. 2002 жылдан - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі. 2004 жылдан - Ақтөбе облысы әкімдігінің Сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы. 2005 жылдан - Ақтөбе қаласы Ақтөбе облыстық Жаппай жұмылдыруға дайындық, азаматтық қорғаныс, ескертуді ұйымдастыру және апаттар мен табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасы бастығының орынбасары. 2008 жылдан бері - Ақтөбе облыстық Жаппай жұмылдыруға дайындық, азаматтық қорғаныс, ескертуді ұйымдастыру және апаттар мен табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасының бастығы.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:5 қазанда туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Ойылда туғандар Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Алға ауданының әкімдері