Қайрат Кемалұлы Кемалов (8 қаңтар 1957 жыл, Қарағанды облысы – 18 шілде 2025 жыл, Қарағанды облысы) — кеңестік-қазақстандық кино және театр актёрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Қазақ хандығы (2016) сериалындағы Керей хан рөлін сомдағаны үшін танымал.

Өмірбаяны Кемалов 1958 жылғы 8 қаңтарда Жезқазған облысындағы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде туған. Ұлты қазақ еді. Кемалов әкесі — Кемал Сейдімбеков, анасы — Бәтеш Сейдімбекова.

Кемалов Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген (1978), драма театрының актёрі. Қазақ және орыс тілдерін білетін.

1978 жылдан Кемалов — М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актёрі.

1980–1983 жылдары және 1985–1994 жылдары ол — С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актёрі. 1990–1995 жылдары ол — Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актёрі.

1995 жылғы қыркүйектен бері ол — Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі. Қазақстан (2001) және Мәдениет және ақпарат министрлігінің (2002) құрмет грамоталарымен марапатталған. Ол, оған қоса, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006) болатын.

Өз өмірі Кемаловтың діни көзқарасы ислам болатын. 2011 жылғы «Кімнің кім екені» энциклопедиясы ақпаратынша, хоббиі кітап оқу, домбыра тарту болатын, сүйіп оқитын әдебиеті этно-фольклорлық тарихи әдебиет еді.

Кемалов үйленген, жұбайы — Кемалова Бижамал Далабайқызы, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі. Ұлы — Кемал Саят (1986 жылы туған); қызы — Кемал Әнел (1994 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Кемалов 2025 жылғы 18 шілдеде, 68 жасында Қарағанды облысында қайтыс болған.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары Санат:Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры тұлғалары Санат:Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облысының қазақ музыкалық-драмалық театры тұлғалары