Қазыбек Ғадылбекұлы Толуспаев 1965 жылдың 9 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 1990 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша 2001 жылы Шығыс Қазақстандағы Орталық Азия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолының алғашқы кезеңінде Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында және Бақыршық тау кенін өндіру кәсіпорнында еңбек етті. Қашаған жобасында 1999 жылы, алдымен, «Паркер Дриллинг» компаниясы, соңынан «Прайд Форасол» компаниясында кадрларды басқару бөлімдерінде еңбек етуден бастады. «Теңізшевройл» компаниясының Екінші буын зауыты және Шикі газды айдау жобалары төңірегіндегі «ПФД Интернэшнл» компаниясында еңбек қарым-қатынасы женіндегі менеджер ретінде қызмет атқарған соң 2006 жылы «Аджип ҚКО» компаниясына ауысты. 2009 жылдан бері Кадрлар бөлімінің менеджері және кадрлар мен мекеме жұмысын ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары(Аджип ҚКО)Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1965 жылы туғандар
Санат:Тұлғалар Санат:Экономика