Дмитриев Леонид Петрович (1933-1997, Әзірбайжан). Қазақ KCP Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Әзірбайжан индустриялық институтын бітірген (1955). 1964-1978 жылдары - «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінде геология бөлімі бастығы, Қазақ мұнай жобалау ғылыми-зерттеу институтында директордың геология және мұнай-газ кен орындарын жобалау саласындағы ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1978-1994 жылдары - «Маңғыстаумунгайгаз» өндірістік бірлестігінде бас геолог, бас директордын» орынбасары. 1994-1997 жылдары — Қазақ мұнай жобалау ғылыми-зерттеу институтында директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. КСРО Мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің үздігі. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1933 жылы туғандар Санат:1997 жылы қайтыс болғандар