Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы– Кеңес өкіметі кезіндегі республикалық қоғамдық-саяси ұйым. 1919 – 20 ж. қалыптасты. 1991 ж. 12 қазанда кезектен тыс соңғы съезінде Қазақстан Жастар Одағы деген жеке қоғамдық ұйым болып қайта құрылды.

Тарихы

Қазақстан ЛКЖО (Комсомол) съездері

1937 жылғы 2–9 қазан — Қазақстан комсомолының 1-ші съезі (өлкелік ұйымның Қазақстан ЛКЖО болып қайта құрылуы). 1939 жылғы 12–21 ақпан — Қазақстан ЛКЖО-ның 2-ші съезі. 1940 жылғы 25–30 қыркүйек — Қазақстан ЛКЖО-ның 3-ші съезі. 1948 жылғы 3–4 маусым — Қазақстан ЛКЖО-ның 4-ші съезі. 1950 жылғы 10–11 шілде — Қазақстан ЛКЖО-ның 5-ші съезі. 1953 жылғы 2–3 сәуір — Қазақстан ЛКЖО-ның 6-шы съезі. 1955 жылғы 3–4 наурыз — Қазақстан ЛКЖО-ның 7-ші съезі. 1955 жылғы 20–22 желтоқсан — Қазақстан ЛКЖО-ның 8-ші съезі. 1958 жылғы 20–22 наурыз — Қазақстан ЛКЖО-ның 9-шы съезі. 1962 жылғы 27–28 ақпан — Қазақстан ЛКЖО-ның 10-шы съезі. 1966 жылғы 20–21 сәуір — Қазақстан ЛКЖО-ның 11-ші съезі. 1970 жылғы 11–12 наурыз — Қазақстан ЛКЖО-ның 12-ші съезі. 1974 жылғы 18–19 ақпан — Қазақстан ЛКЖО-ның 13-ші съезі. 1978 жылғы 9–10 наурыз — Қазақстан ЛКЖО-ның 14-ші съезі