Гавриил Дмитриевич Будник (16.12.1924, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы, Георгиевка (Қалбатау) ауылы - 15.08.2001, Ресей, Мәскеу облысы Лобня қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер.

Соғысқа дейін Алматы облысы Ақсу ауданындағы ұжымшардың трактор бригадасында жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қыркүйегінде шақырылып, 1943 жылдың наурызынан Орталық майдан 13-армия 8-атқыштар дивизиясы 151-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Барлаушы Будник 1943 жылы 22 қыркүйекте Днепр өзенінен тез және кенеттен өтуді қамтамасыз етуге іріктеліп алынған жауынгерлердің бірі болды. Ол нөсер жаңбырдың астында бөренеге отырып, оң жағаға өтті. Өзеннен тез өтуге ыңғайлы орын белгілеп, жаудың орналасқан жерін анықтады. Сөйтіп ол бүкіл полктің өзеннен отуіне үлкен жәрдемін тигізді. Осы тапсырманы орындауда көрсеткен ерлігі үшін Будникке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (16. 10.1943). Соғыстан кейін Қазақ КСР-інің ІІМ жұмыс істеді (Ақтөбе қаласы). 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:16 желтоқсанда туғандар Санат:1924 жылы туғандар Санат:Қалбатауда туғандар Санат:15 тамызда қайтыс болғандар Санат:2001 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеу облысында қайтыс болғандар Санат:КСРО старшиналары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Днепр үшін шайқасқа қатысушылар Санат:Мәскеу облысында жерленгендер