Қусақ – Үржар алабындағы өзен. Ұзындығы 78 км, су жиналатын алабы 715 км2.

Географиялық орны мен сипаты Абай облысы Үржар ауданы жерімен ағады.

Бастауы Қусақ Бұрған ауылы тұсында Жалаңаш өзенінен бөлініп шығып, Елтай ауылынан жоғарыда Үржар өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Арна жағалауының басым бөлігі тік жарқабақты келген. Жыл бойы дерлік арнасында су болады. Алабы мал жайылымы және егістік пен шабындыққа пайдаланылады.

Салалары Жалпы ұзындығы 52 км болатын 30-дай саласы бар. Ірілері: Жынды, Шолақтерек, Көлденең, т.б.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы