Луара ойпаты Луара ойпаты — Батыс Франциядағы Луара өзені алабының орта және төменгі ағысы бойындағы ойпаңды жазық. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 100 м. Батысында көптеген қойнаулары бар. Атлант мұхитының Бискай шығанағына тіреледі. өз. 300 км-дей. Негізінен мезозой эрасының әктасы және құмтасымен, шығысы және оңтүстік аллювийлік шөгінділермен толған. Климаты қоңыржай теңіздік; орташа температурасы қаңтарда 2 — 6ӘС, шілдеде 18 — 20ӘС; жылдық жауын-шашын мөлшері 600 — 700 мм. Өзендер торы жиі. Орманның қоңыр және күлгін топырағы таралған. Емен, қарағайлы орман өседі. Бидай және көкөніс егіледі. Мал жайылымы және шабындық ретінде де пайдаланылады. Ірі қалалары — Орлеан, Тур, Анже, Нант.
Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Санат:География